Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға келді

Президент Әзірбайжанға барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 12:28 Сурет: видеодан скриншот
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзірбайжанға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баку әуежайында мемлекет басшысын Әзірбайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов пен Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-каналында.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздері жоспарланған.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырады деп күтілуде.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Әзербайжан арасындағы бірқатар келісімдерге қол қойылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: