Ақтаулық тұрғындардан мефедрон тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Ақтау қаласының 25-ші шағын ауданында ПД қызметкерлері жергілікті тұрғынды есірткімен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тінту барысында одан 30 грамм мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Осыған ұқсас тағы бір дерек Ақтау қаласында тіркелді. 29-шы шағын ауданда тұрғыннан 27 грамм мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript