Жаңалықтар тізбегі
0

Жасөспірім екі жасар сәбиді құтқарғаны үшін пәтер кілтін алды

жасөспірімге үй берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 18:13 Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі
«Универсам» шағын ауданында екі жасар бала ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен. Жанынан өтіп бара жатқан жасөспірім көмекке келді. Кейіпкер 15 жастағы Арман Аманжолов болып шықты. Ол колледжге түсу үшін Аралдан келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігіттің ерлігі көпшілікті тәнті етті. Оған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев демеушілік қаржыға сатып алынған пәтердің кілтін табыс етті.

Арман батырымызға және оның ата-анасына барша облыс тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың ерлік істерін бағаламай қалмау керек екенін бірнеше рет айтты. Өңірде қамқор азаматтар жетерлік. Бүгін олардың атынан бейбіт уақытта ерлік жасаған батырға жеке баспанамыздың кілтін табыстап жатырмыз.Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Арман Аманжолов 2007 жылы Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Отбасында бес бала: екі аға және екі әпкесі бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: