Қостанай облысында тау-таста адасқан қос аққу су бетіне жіберілді
Сурет: видеодан алынды
Қостанай облысында "Қашар кені" АҚ қызметкерлері екі аққуды құтқару бойынша операция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құстар су айдынына қонудың орнына, яғни алған бағыттарынан адасып, Қашар кеніне тап болған деп болжанады.
Кәсіпорын қызметкерлері Юрий Конокпаев пен Алексей Смирнов еш ойланбастан, тау-тас арасына адасып келіп қалған аққуларды құтқарудың қамына бірден кірісті. Олар "саяхатшыларды" көлікке салып алып, суға апарды. Қос аққу су айдынына қарай қуана жүгірді .
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript