Тоқаев: Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалады
![Жемқорлардан алынған ақшаға мектептер салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 12:53](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5437cdfd-e0a9-42bb-864b-927ae4244dcf/800x451.webp)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген барлық ақшаны мектеп салуға жұмсау керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар жоғары білім беруді қолжетімді етуді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, білім беру саласына жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несиелер де берілмек.
1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript