Елімізде теңіз порттары арқылы жүк тасымалы артты
Сурет: primeminister.kz
Соңғы кезде Маңғыстау облысына теміржол және жүк көліктерімен жеткізіліп, шетел асатын тауарлардың көлемі біршама өскені байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 жыл бұрын жаһандық пандемия салдарынан су айлақтарының қызметі тоқтап қала жаздаған. Биыл жағдай өзгерді. Қазір солтүстік теңіз терминалы, Ақтау порты және Құрық паром кешені толық қуатында жұмыс істеп тұр.
Соңғы 2 нысан алдағы уақытта еркін экономикалық аймақтар тізіміне қосылуы мүмкін. Сондай-ақ тауар экспорттаушы қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қосымша контейнер хабын салу жоспарда бар.
Осы мақсатта Ақтау су айлағында 19 га жер дайын тұр. Таяу арада Құрық паром кешені құрылысын кеңейту жұмыстарын бастау жоспарланған. Сәйкесінше, 20-ға тарта жұмыс орны ашылады, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.
Теңіз порттарының еркін экономикалық аймаққа айналуы аса қажет деп санаймыз. Бұл жобалар жүзеге асырылса, су айлақтарының әлеуеті артады. Жаңа инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Биыл қаңтар-шілде аралығында Құрық порты арқылы 1 млн 111 мың тонна жүк тасымалданды. Ал былтыр жылдың сәйкес кезеңінде бар-жоғы 460 мың тонна болды. Сондай-ақ жыл басынан бері 11 мыңдай жүк көлігі ауыстырып тиелді. Серік Ахметов, «Құрық порты» серіктестігінің бас директоры
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript