Шетелдік онлайн платформалар мен мессенджерлердің тізілімі қалай жүргізіледі
![компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 17:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-19bc6944-4a46-40a2-9e3a-27ef0da99e08/800x451.webp)
Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган (министрлік) шетелдік онлайн-платформаның немесе жедел хабар алмасу қызметінің иелері немесе өзге де заңды өкілдері электрондық пошта арқылы оған берген ақпарат негізінде жүзеге асырады. Алынған мәліметтер 7 жұмыс күні ішінде тізілімге енгізіледі.
Әрбір тізілім жазбасы мынадай ақпаратты қамтиды:
заңды өкілдер туралы мәліметтер;
заңды өкілдің пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы;
онлайн платформаның немесе қызметтің домендік атауы;
онлайн платформа немесе қызмет әкімшілігінің электрондық пошта мекенжайы
тізілім жазбасының нөмірі және оны тізілімге енгізу күні;
уәкілетті орган мен заңды өкілдердің өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты мәліметтер;
деректердің өзгеруіне қатысты ақпарат.
Тізілім электронды түрде қазақ және басқа тілдерде жүргізіледі. Тізілім жазбалардың жасалған күні мен уақытын көрсете отырып, тізілім жазбаларындағы өзгерістердің жекелендірілген тарихын сақтайды.
Тізілімнен мәліметтерді жоюға жол берілмейтіні көрсетілген. Бұйрық 2022 жылғы 11 қыркүйекте күшіне енеді.