Қызылордада болған жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші ажал құшты

Жол көлік оқиғасы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2022 12:50 Суурет: polisia.kz
1 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы сол жағалауда жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп келе жатқан жаяу жүргіншіні КамАЗ жүк автокөлігі қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталды.

Орын алған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: