Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алды

Бәйтерек, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2022 16:12 Сурет: baiterek.gov.kz
Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі («Сбербанк» АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады

Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.

"Бәйтерек" холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. Сбербанк Қазақстанның заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді, - делінген "Бәйтерек" холдингінің хабарламасында.

Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта Сбербанк Қазақстанға ребрендинг жүргізілетін болады.

Сонымен қатар "Бәйтерек" холдингінің хабарлауынша, банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және банктің бұрынғы, жаңа клиенттеріне арналған банк қызметтерін дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: