Өрттен зардап шеккендерге көмектесу үшін қор жинау акциясы жарияланды
![Көмек жинау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2022 13:11](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3b23d8e5-cf2f-41bf-b558-21dc7ad3ab97/800x451.webp)
4 қыркүйекте Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы Достық үйлеріндегі волонтерлық орталықтары базасында ақшалай қаражат пен қажетті заттарды жинау бойынша шұғыл штабтар іске қосылады, делінген хабарламада.
Эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, медициналық препараттармен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілгені айтылады.
Алдын ала есеп бойынша, зардап шеккен азаматтар үйлері мен ауларының қалпына келтіруді, киім-кешек пен аяқ-киімді қажет етеді.
Осыған байланысты зардап шеккендерге арнап ашылған есеп-шот арқылы ақша жинау ақылға қонымды болып табылады: 8 747 482 64 49.
Осы жұмысты үйлестіру ісі "Қоғамдық келісім" РММ-ға жүктеледі.
Гуманитарлық көмек (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын) жинау мәселелері мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 705 558 05 08 – Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Наталья Рамазанова.
2 қыркүйекте Қостанай облысында орман өртенді. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді. Егде жастағы ер адам қайтыс болды, 10 адам күйік шалып, жарақаттанды.