Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 19:14 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге ерікті түрде материалдық көмек жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қаржы 25 миллион теңгеден асады. Бұл қомақты ақша "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорының арнайы құрылған есепшотына аударылды.

2 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-ға қарасты екі орманшылығы аумағында өрт болды. Қызыл жалын жалмаған аумақ 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты өңірге жұмыс сапарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттерді жою бойынша жұмыстардың барысына баға берді.

7 қыркүйекте сағат 15:00-де ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильин Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттер оқшауланғанын мәлімдеді.

8 қыркүйекте Премьер-министр Әлихан Смайылов өрттің шығуына кінәлілер жазалануы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қостанай облысында орын алған жағдай жауапты лауазымды тұлғалардың тиісті кезде уақтылы әрекет етпеуінің салдарынан ушыққан.

10 қыркүйекте сағат 10:00-де Қостанай облысы ТЖД жедел штабы Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті сөндірілгені туралы хабарлады.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: