Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады

Президент жас спортшыны құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 10:04 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: