Оңтүстік Кореяда 20 мың үй жарықсыз қалды

Кореяда адамдар жарықсыз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 17:45 Сурет: Zakon.kz
Оңтүстік Кореяда «Хиннамнор» атты алапат тайфун болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауындатып соққан дауылдан су тасып, жолдар бұзылып, ағаштар құлап, электр желілері үзіліп, 20 мың үй жарықсыз қалды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар 600-дей мектеп жабылып, 250 әуе рейсі тоқтап, 66 мың балықшы жағаға оралып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірлді.

Тайфун бүгін таңертең түскейдегі курорттық Чеджу аралы мен материктік Пусан порты маңындағы елді мекендерді жайпады.

Сағатына 144 шақырым жылдамдықпен соққан жел қазір Қытайдың шығысына қарай беттеп барады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: