Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы хайуанаттар бағында тағы бір төл дүниеге келді

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 18:32 Сурет: pxhere
Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасына видео жариялады. Кадрда Пржевальский жылқысының өскен тайыншасы жүгіріп жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зообақта Пржевальск жылқысының құлыны дүниеге келді. Кішкентай құлын 30 шілде күні туды. Оған зообақтағылар Кармела деген ат берді. Ал Кармеланың әкесі мен анасының есімі - Бурабай мен Жұманкүл.

Бұл жылқылар хайуанаттар бағының арқасында ғана аман қалды деп айта аламыз. Пржевальск жылқысының жаңа төлінің өмірге келуі - үлкен қуанышты жағдай. Кішкентай құлынның тәбеті жақсы, сергек болып өсіп келеді. Кішкентай Кармелаға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз, - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.

Пржевальск жылқысы – жер бетінде біздің дәуірімізден бұрын пайда болған. Зообақтың хабарлауынша, олар Азия құрлығындағы жабайы жылқылардың ішіндегі ең сирек кездесетін түрі.

Атақты орыс географы және зерттеушісі, полковник Николай Пржевальский бұл жабайы жылқы түрін 1878 жылы Орталық Азиядағы Лоб-Нор көлінің маңында кездестірген. Осы жаңалық ашылғаннан кейін оларды Пржевальск жылқылары деп атап кеткен. Олар Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің "Қызыл кітабына" енгізілген.

6 қыркүйекте зообақ керіктер отбасында да ер керік дүниеге келгенін хабарлаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: