Жаңалықтар тізбегі
0

Өрт сөндірушілердің жалақысы өсуі мүмкін

Өртсөндірушілер жалақысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 10:09 Сурет: Zakon.kz
Азаматтар құтқарушы, өрт сөндіруші болғылары-ақ келеді, бірақ, жалақыны естігенде екі ойлы боп қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз мәслихатында төтенше өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов осылай деді.

Қазір, өрт сөндіруші жауынгер қызметінің бастапқы жылдары 115 мың теңге жалақы алады екен, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал, еңбек өтілі ең көп дегені, яғни 20 жыл өрттің өтінде жүрсе айлығы 200 мың теңгеден сәл асады.

Дәл қазіргі кезде елімізде өрт сөндіру бағытында 19 мыңнан аса қызметкер бар және олардың жалақысы алдағы уақытта өсуі мүмкін - деді , Дмитрий Титов.

Ертең министрлік басшылары Премьер-министрдің қабылдауына барады. Сонда тап осы мәселе қозғалып, нақты бір шешімдері шығады. Тағы айта кетейін дегенмін, министрлік басшылығы тарапынан бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Дмитрий Титов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: