Қазақстандағы АҚШ елшілігі туын төмен түсірді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ұлыбритания мен Достастық елдерінің корольдік отбасы мен халқына патшайым Елизавета II-нің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Патшайым Елизавета II көптеген американдық үшін шабыт болды және оның басшылығы арқылы АҚШ-Британия тығыз одағын нығайтты, - делінген хабарламада.
8 қыркүйекте патшайым Елизавета II Балморал сарайында 97 жасында қайтыс болды.
Ұлыбритания патшайымы тұрақтылықтың символы болып саналды. Оның өліміне көптеген әлемдік саясаткерлер реакция білдіріп жатыр.
Елизавета II-нің ұлы Чарльз таққа мұрагер болады. Ол Чарльз III деген есімді алды. Оны Ұлыбританиядан басқа тағы 14 тәуелсіз мемлекет – Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Сент-Винсент пен Гренадин, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу және Ямайка патша деп жариялайды.
10 қыркүйекте Карл III Ұлыбританияның королі болып жарияланады.