Жаңалықтар тізбегі
0

Президент «CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасын қабылдады

Тоқаев қабылдау өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 11:09 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы айтты. «CLAAS Group» компаниясы былтыр Петропавлда комбайндарды, тракторларды, егіс кешендерін және астық жинау машиналарын құрастыратын зауытты іске қосты. Бүгінге дейін өнімділігі жоғары комбайндарды қосқанда 400-ден аса техника құрастырылды.

Сондай-ақ Президентке ауыл шаруашылығы техникасы мен оның құрамдас бөліктері өндірісін оқшаулау шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің айтарлықтай әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мен жергілікті қамтуды арттырудың маңызды екенін айтты.

Кездесуде ынтымақтастықтың дамуына оң баға берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: