Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында -3°C аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Оралда күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман басады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде -3°С аяз сақталады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда түнде топырақ бетінде -3°С аяз сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде -2°С аяз сақталады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Түнде облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыс орталығында екпіні 23 м/с болады. Өрт қаупі сақталады.
Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады. Күндіз шығыстан соғатын жел 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады.
Абай ауданының солтүстігінде түнде топырақ бетінде -2°С аяз болады. Жел екпіні солтүстік-батыстан, күндіз солтүстіктен облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырауда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с.