Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты онлайн форматта елорданың атын өзгерту мәселесін талқылайды
Сурет: Zakon.kz
Қоғамдық тыңдаулар 2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де қала жұртшылығының, мәслихат депутаттарының қатысуымен онлайн форматта өтеді.
Елорданың атын өзгерту мәселесі қала мәслихатының қоғамдық тыңдауларының қарауына шығарылды.
Қоғамдық тыңдауларға қала тұрғындары және барлығы Facebook (елорда мәслихатының ресми парақшасы) арқылы қатыса алады, Zoom сервистік платформасында БАҚ өкілдерінің қатысуы үшін сілтеме қолжетімді болады. Елорда мәслихатының баспасөз қызметі
Азаматтардың барлық ұсыныстары тыңдау барысында жарияланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript