Жаңалықтар тізбегі
0

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы: Жел тұрып, тұман түседі, үсік жүреді

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 23:47 Сурет: pixabay
15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда түнде топырақ бетіне мұз қабыршақтанып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні өңірдің шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойса соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 18 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Қарағандыда да 3 градус үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні облыс орталығында 15-20, кей тұста 23 м/с жетеді. Қызылордада шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні 19 м/с жетеді.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, 1 градус үсік болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік болады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз таулы асуларда 25 м/с жетеді. Түркістанда шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Түнде өңірдің батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын болады, өңірдің солтүстік-шығысында, шығыста, күндіз солтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Өскеменде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді.

Түнде Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Павлодарда түнде топырақ беті қатып, 3 градус үсік болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста 25 м/с жетеді. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: