Жаңалықтар тізбегі
0

S&P халықаралық агенттігі Kaspi Bank рейтингін көтерді

Халықаралық рейтинг көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 10:40 Сурет: Kaspi.kz
Сарапшылар Kaspi-дің нарықтағы мықты ұстанымы мен сенімді стратегиясын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Kaspi Bank» АҚ рейтингтерін «BB-»-тан «BB»-ге дейін және «kzA» деңгейінен «kzA+» деңгейіне көтерді. Рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».

Агенттік Kaspi Bank рейтингі бизнесті несиелеу, тұтынушылық несиелеу және төлемдер сегментіндегі дәлелденген стратегиясын және күшті нарықтық ұстанымын көрсететінін атап өтті.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Kaspi рейтингтерінің кезекті өсуі біздің тамаша командамыздың Қазақстандағы жұмыс сапасын тағы растады. Біз сүйікті тұтынушыларымызды өмірді жақсартатын инновациялық қызметтермен ары қарай да қуанта береміз. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет!»

Агенттіктің сарапшылары Kaspi өте жоғары табыстылықты сақтайды деп күтеді. ROAE (Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті) екі жыл бойы 75%-дан жоғары болады. Қажет болса болжанған жоғары табыстылық Kaspi-ге жағымсыз операциялық орта жағдайында ықтимал тәуекелдерді жақсырақ басқаруға көмектеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: