Шымкенттік тұрғын жүргізуші куәлігін аламын деп ақшасынан айырылды

Алаяқтар ақшасын жымқырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 17:59 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласында 7 қыркүйек Абай АПБ-на қала тұрғыны арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, бейтаныс әйел жүргізуші куәлігіңді жасап беремін деп сеніміне кірген. 22 жастағы азамат оған 140 мың теңге ақшасын беріп, соңында “ізін суытқан”.

Жарты жылдан кейін құрғақ уәдесіне тойған тұрғын полицияға жүгінді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс шараларын жүргізді.

Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматша оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушіні алдап, арбауына түсірген.

Алған ақшаны жеке басының пайдасына жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: