Шымкентте және еліміздің тағы бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сенбінің бірінші жартысында Шымкентте найзағай жарқылдайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы мен Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыс орталығы мен таулы аумақтарда үсік жүреді: -3...-6°С. Талдықорғанда түнде -1...-3°С суық болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында. оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында үстік жүреді: -2°С суық болады. Өскеменде түнде топырақ беті қатып, -2°С суық болады.