КВИ-ға шалдығушылар саны азайып келеді: Бір тәулікте 100 жағдай анықталды

COVID-19, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 08:54 Сурет: Zakon.kz
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 18 қыркүйектегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай мәліметтерімен бөлісті. Қазақстанның бес өңірінде КВИ-дың бір де бір жағдайы анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі күн бұрын Қазақстанда 146 науқас анықталған болатын. Ал өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 100 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда – 21,

  • Алматыда – 13,

  • Ақмола облысында - 6,

  • Ақтөбе облысында - 6,

  • Атырау облысында – 2,

  • БҚО-да - 10,

  • Қарағанды облысында – 15,

  • Ұлытау облысында - 4,

  • Қостанай облысында – 11,

  • Қызылорда облысында - 1,

  • Маңғыстау облысында – 2,

  • Павлодар облысында – 2,

  • СҚО-да - 4,

  • Түркістан облысында - 3.

Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясының 1 392 505 жағдайы расталды.

577 адам коронавирус инфекциясынан емделіп, сауықты, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда – 54,

  • Алматыда - 39,

  • ШҚО-да - 4,

  • Абай облысында - 9,

  • БҚО-да - 109,

  • Қарағанды облысында – 47,

  • Ұлытау облысында - 19,

  • Павлодар облысында - 51,

  • СҚО-да - 245.

Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 365 128 адам емделіп жазылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: