Қазақстанда бір тәуліктің ішінде COVID-19-ға шалдығушылар саны екі есе азайды

Эпидемиологиялық ахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2022 09:10 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстандағы 24 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай мәліметтерімен бөлісті. Еліміздің 8 облысында КВИ-ге шалдыққан бір де бір науқас анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір күн бұрын елімізде 107 жағдай анықталды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 69 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

  • Астанада – 14,

  • Алматыда – 12,

  • Ақмола облысында – 8,

  • Шығыс Қазақстан облысында – 1,

  • Абай облысында – 2,

  • Батыс Қазақстан облысында – 4,

  • Қарағанды облысында – 10,

  • Ұлытау облысында - 1,

  • Қостанай облысында - 9,

  • Маңғыстау облысында - 1,

  • Павлодар облысында - 3,

  • Солтүстік Қазақстан облысында - 4.

Жалпы, елімізде КВИ бойынша 1 393 175 жағдай расталды.

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 227 адам коронавирус инфекциясынан айықты, оның ішінде:

  • Астанада - 4,

  • Ақмола облысында – 800,

  • Атырау облысында – 122,

  • Шығыс Қазақстан облысында – 3,

  • Батыс Қазақстан облысында – 275,

  • Қарағанды облысында - 7,

  • Ұлытау облысында – 4,

  • Маңғыстау облысында – 4,

  • Павлодар облысында – 2,

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 4,

  • Түркістан облысында - 2.

Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 375 256 адам емделіп, жазылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: