Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде үсік жүріп, жел тұрады деп болжанады

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 20:46 Сурет: pixabay
20 қыркүйекте еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз облыс орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының шығысында 1 градус суық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 граус суық болып, үсік жүреді. Қарағандыда түнде 2 градус суық болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 2 градус суық болып, үсік жүреді.

Түнде Абай облысының батысында 2 градус суық болады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының орталығында және Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: