Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, тұман түседі, қатты жел соғады деп болжанады

Ауа райы болжамы, 13 қыркүйек, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 20:58 Сурет: pixabay
13 қыркүйекте Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада күн бұлттанып, найзағай ойнайды деп болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Таулы аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда өрт қаупі жоғары.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Облыстың орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады деп күтіледі. Шымкентте өрт қаупі жоғары. Түркістанда өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: