"Алтынемел" саябағында "Қызыл кітапқа" енген жануарлар камераға түсіп қалды
Сурет: видеодан скриншот
Қазақстанның Жетісу облысы аумағындағы "Алтынемел" табиғи саябағында "Қызыл кітапқа" енген Тянь-Шань арқары камера қақпанына түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сирек кездесетін жануарлар Іле өзеніне су ішуге келген. Тянь-Шань арқарының фототұзаққа түскен видеосын "Алтынемел" МҰТП әлеуметтік желіде бөлісті.
Арқарлар үлкен Қалқан тауынан Іле өзеніне суға келген делінген видеоның сипаттамасында.
Негізінен арқар Орталық Азияның таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, орталығында мекендейді.
Бақыланбайтын аңшылықтың салдарынан бұл жануарлардың саны үнемі азайып келеді. Сондықтан олар Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript