Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда үш жылдан бері үйіне кіре алмай жүрген тұрғындар шу шығарды

Баспана мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 22:47 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Себебі жаңадан салынған баспаналарға әлі күнге дейін жарық, су, газ бен кәріз жүйесі қосылмаған. Соның салдарынан үлескерлер әркімнің табалдырығын тоздыруға мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтаудың қақ ортасында жеті қабаттан тұратын «Керуен» тұрғын үй кешенінің 160 тұрғыны үш жылдан бері баспанасына кіре алмай жүр. Келісімшарт бойынша пәтер кілті 2019 жылы тапсырылуға тиіс болған. Алайда пандемияны сылтауратқан мердігер уақытты сағызша созыпты. Қазір үй тұрғызылғанымен жарық, су, газ, кәріз жүйесіне әлі қосылмаған, делінеді КТК телеарнасының сюжетінде.

2018 жылы осы «Керуенге» ақшамызды салдық. Бүгінде төрт жыл болды. Төрт жылдан бері осы тұрғын үйге кіре алмай, қанша отбасы сенделіп жүр. Қанша отбасы үй жалдап жүр. Бұл үйді не канализация жоқ, не су жоқ, не тоқ жоқ, жылу мәселесі де белгісіз. Кілт бергенмен, бізге оның пайдасы жоқ. Себебі, бізге үйді жөндейтін болсаң, рұқсатсыз 500 мың теңге айыппұл, тағы бірдеңеге 200 мың теңге айыппұл деп, үй кілтін алған кезде қосымша келісімшартқа қол қойдырып алған. Ақтау тұрғыны Марат Шаншаров

Баспаналардың жайлылығы комфорт санатына сай болады деген екен мердігерлер. Бірақ сапасы сын көтермей тұр. Үйдің қабырғасы жұқа, іргетасы дұрыс құйылмаған дейді жиналғандар.

Алдыңғы есігі бір сарайдың есігіндей болып салынып қойылған. Есік жерменжексен болып тұр. Біздің жерде кейде үлкен жаңбыр жауады. Біздікі мына төмен жерде орналасқан. Судың бәрі төмен түседі. Сол кезде бұл не болатынына таңқаламын. Сонымен қатар бұл үйдің жобасы бірнеше рет өзгерді. Ақтау тұрғыны Жангелді Нұртілеуов

Ал мердігер мекеме өкілі жарықты жақында қостық деп отыр. Қалған су, жылу, газ, кәріз жүйесін алдағы уақытта жүргіземіз дейді.

Қазіргі таңда біз 12 қыркүйек күні жарықты қостық. Қазан айында кәріз жүйесі мен ыстық және салқын суды іске қосамыз. Тұрғындар техпаспорт алғанша, коммуналдық төлемнің ақшасын компания төлейді. Үйдің техпаспортын алған соң тұрғындар өздері төлейді. Нақты қай күні екенін айта алмаймын. Жалпы тұрғындар енді бір ай күтсе болды. Қазір тұрғындар кілтін алып пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізе беруіне болады. Tetis construction ЖШС бас директоры Ербол Орынбаев

Үш жылдан бері үйін сарғайып күтіп отырған тұрғындар мердігер мекеме өкілінің берген уәдесін бір ай күтуге келісті. Ал компания басшылығы оған дейін инвестор тауып, коммуникацияны толық жүргіземіз дегенге келтірді. Алайда ол кезде де өзгеріс болмаса, наразылар құзырлы орындарға арыз жазып, облыс әкіміне барамыз деп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: