Жаңалықтар тізбегі
0

Өркениеттен шет қалдық: Алматы облысының тұрғындары жарықсыз отыр

Өркениеттен шет қалдық: Алматы облысының тұрғындары жарықсыз отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 16:36 Сурет: pixabay
"Көктоғанда жарық мәселесі бір емес, бірнеше мәрте көтерілген. Алайда әлі күнге дейін шешімін таппай келеді". Осылай деген ауылдағы ағайын ауа-райының бұзылмағанын тілейді. Себебі үп еткен жел тұрса, жарық өшеді де қалады екен.

Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты Көктоған ауылының тұрғындары жарық пен ауыз суға зәру, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Екі күннің бірінде найзағай соқса, жел соқса, жарық өшіп қалады. Кеше кешке өшкен, бір тәуліктен бері жарық жоқ. Ауылды жерде тұрғандықтан сиыр сауамыз. Бірақ сүт, тағамның бәрі ашып жатыр", – деді Көктоған ауылының тұрғыны Ғалия Байботанова.

Көктоғандықтардың сөзіне сенсек, жауаптылардан әрекет болмаған соң, өздері жарықсыз отырмаудың қамын ойластырған. Мынадай ескі бағандардың басына шығып, үзілген тоқ сымдарын тұрғындар жалғайды екен.

Тұрғындар тоқ сымдарының үзіліп, көше бойында жататынын да жасырмады. Бұл жағдай бала-шағаның сорына айналмаса болды деп алаңдап отыр.

Ал жарық сөнсе, тұрғындар ауыз судан қол үзеді. Себебі құдықтағы тіршілік көзін электр тоғы арқылы алады. Ауылдықтарды алаңдатқан мәселе көп. Әр көшеден келген көктоғандықтар елдімекеннің жай-күйін айтып, жауаптылардың "жауапсыздығын" сөз етті.

Әкімдік өкілі ауылдағы мәселенің бәрін біртіндеп шешуге тырысып жатқанын айтып ақталды. Ал жарықтың жайы қыркүйектің соңына дейін шешілетініне сендірді.

"Қазір тоқтың күші аз болғандықтан, Көкөзек ауылында жаңа станса салынып жатыр. Қыркүйекте аяғына дейін жүмысы аяқталады. Сол кезде мәселенің бәрі шешіледі деп ойлаймын", – деді Елтай ауылдық округі әкімдігінің орынбасары Біржан Белғожаев

Ал ауылды жарықпен қамтып отырған компания өкілдері бұл олқылықты қолайсыз ауа-райымен байланыстырды. Қауіпті әрі ескі бағандарды тек бір-екі жылда ауыстыратынын айтты.

"Жергілікті әкімдікке жіберетін бағанның жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр. Топографиялық съемкасы түсірілді. 1924-25 жылы жұмыс басталуы керек", – деді "АЖК" АҚ Қарасай ЭТА бас инженері Әлихан Сейдәлиев.

Жауаптылардың айтуынша, мәселе келер жылы толық шешілуі мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: