Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады

Синоптиктер 2022 жылғы 23 қыркүйекке арналған Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігіне ауа райы жауын-шашынсыз болып қалатын ауқымды антициклон ықпал етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорданың басым бөлігінде, Түркістанда, Жамбылда, оңтүстікте, Ақтөбенің шығысында, солтүстік-батыста, солтүстікте, Абай облысының шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысындаэ
, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. «Қазгидромет» РМК
Болжам бойынша, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript