Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады
Батыс, шығыс өңірлерде, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың, шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус үсік сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 17-19 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 21-23 градус жылы.