Бұршақ, шаңды дауыл: Қазақстан бойынша 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша желдің күшейеді, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
"Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады", – делінген хабарламада.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +21+23°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.