Алдағы күндері елімізде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 12:51 Сурет: pixabay
24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамына сәйкес, ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ, қарлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батыс өңірлеріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытта жылжып, елдің қалған аумағынада әсерін тигізеді, жаңбыр жауады.

25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады."Қазгидромет" РМК

Ауа температурасы төмендейді:

күндіз елдің батысында +22...+33°С-тан +9...+22°С-қа дейін;

солтүстік-батыста+25...+32°С-тан +10...+23°С-қа дейін;

солтүстікте +23...+30°С-тан +5...+20°С-қа дейін;

орталықта +22...+32°С-тан +20...+28°С-қа дейін,

Қызылорда облысында +30...+35°С-тан +17...+25°С-қа дейін

Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы +25...+35°С шамасында сақталады."Қазгидромет" РМК
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: