Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр соңы қарға ұласады
Сурет: unsplash
Синоптиктердің болжамынша, қыркүйектің соңғы аптасында елімізде күн суыта бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мамандарының мәлімдеуінше, алдағы күндері жаңбыр соңы қарға ұласады.
Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан Жаңа жер ауданынан суық антициклон келеді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ, тұман және ауа температурасының минус мәндеріне дейін төмендеуі күтіледі. Желдің күшеюі болжанады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Болжам бойынша, республиканың солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды.
Ал еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градусқа дейін жылынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript