Алматы және Атырау әуежайында интернет істемей, рейстер кешіктірілді

Алмат әуежайы, интернет, интернеттегі ақау, рейс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 10:15 Сурет: Zakon.kz
Интернеттің істен шығуы Алматы мен Атырау әуежайларының жұмысына да кері әсер етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгін, 28 қыркүйекте таңғы сағат 4:00 шамасында Алматы әуежайындағы және ішінара Атырау әуежайында интернет байланысынан ақау шыққан.

Осыған байланысты рейстерге тіркеу қолмен жүргізілді, бұл Алматыдан келетін таңғы рейстердің орташа есеппен 1,5 сағатқа кешігуіне әкеп соқтырды, – делінген хабарламада.

Әуе компаниясының өкілдері интернетке қосылу сағат 8:40-та қалпына келтірілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта әуе тасымалдаушысы біртіндеп ұшу кестесін қалпына келтіріп жатыр, – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: