Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Ұлтымызға қатысты айтылатын жағымсыз сипаттамалардан мүлдем арылуымыз қажет

Ұлтымызға қатысты айтылатын жағымсыз сипаттамалардан мүлдем арылуымыз қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 12:20 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапары барысында жұртпен кездесіп, жастарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жастарымыз үш нәрсенің айрықша маңызды екенін түсінуі керек. Бұл – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі отаншылдық дегеніміз - ең әуелі, іскерлік, еңбекқорлық.Президент

Мемлекет басшысының сөзінше, құр сөзден ештеңе шықпайды. Азаматтарымыз әуелі отбасын асырап, балаларына қамқор болуы керек. Оларға адал еңбегімен, алғырлығымен нәпақасын тауып беруі қажет.

Біз шын мәнінде еңбекқор ұлт болуға ұмтылуымыз керек. Әлемде еңбексүйгіш халықтар аз емес. Бұл қасиет, тіпті, олардың болмысына сіңіп кеткен. Осы асыл қасиет біздің жұртымызға да тән болуы керек. Өйткені халқымыздың қарым-қабілеті ешкімнен кем емес. Ұлтымызға қатысты айтылатын кейбір жағымсыз сипаттамалардан біз мүлдем арылуымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, еңбекқорлық – қазіргі заманда бізге аса қажет құндылық. Осы қағиданы кеңінен дәріптеуіміз керек. Менің мұны Семей төрінде тұрып айтуымның өзіндік себебі бар. Өйткені бұл – әрдайым жас ұрпақты жақсылыққа, жаңашылдыққа жетелеген жер. Мемлекет басшысы

Президент жуырда Нью-Йоркке сапарында АҚШ-та жұмыс істеп жүрген жастармен кездескенін еске салды. Олар білім алуға деген ынта-жігері мен еңбекқорлығының арқасында әлемнің әр түкпірінде табысқа жетіп жүр деді Тоқаев. Оның айтуынша, осындай жастарды үлгі тұту қажет.

Менің Үндеуім еліміздегі әрбір жастың жүрегіне жетеді деп сенемін. Шын мәнінде, қазір – білім мен ғылым салтанат құрған заман. Мұны дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Әлемдік экономикада жоғары технологиялық өнімдерді жасап шығаратын компаниялар алға шықты. Бұл – ғылым келешектің бет-бейнесін анықтайды деген сөз. Тың идея мен озық ой кез-келген саланы өркендетеді. Өскелең ұрпақ білімге, ғылымға құштар болуы керек. Осыны жан-жақты дәріптеуге мемлекет қана емес, бүкіл қоғам және әрбір азамат атсалысуға тиіс. Өркениетті мемлекетті тек білімді азаматтар ғана қалыптастыра алады.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: