Президент Абай облысының бірқатар тұрғынын марапаттады

Президент Абай облысында, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 12:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында президент облыстың бірқатар азаматтарын елге сіңірген айрықша еңбегі үшін орден және медальмен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • «Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;

  • «Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;

  • «Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;

  • «Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: