Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасы 2023-те қалпына келеді

ұшақ, әуежай, рейс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 12:58 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мен Малайзия делегациялары Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 41-сессиясы аясында екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру туралы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, малайзиялық делегацияны авиациялық билік органдарының директоры Датук Честер Ву әрі Малайзия Көлік министрлігінің өкілдері, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі арзан авиакомпания Air Asia және Malaysia Airlines басшылығы басқарды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады. Ең ірі лоукостер Air Asia әуе компаниясы басшылығының айтуынша, алдағы үшінші елге сапармен Куала-Лумпурдан Қазақстанға 2023 жылы рейстерді ашу жоспарланып отыр.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар тараптар тікелей рейсті ашудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін Air Asia атқарушы директоры Бенджамин Исмаилдің 2022 жылдың қазан айының екінші жартысында Қазақстанға сапары туралы келісті.

Сыртқы істер министрлігі COVID-19 пандемиясына дейін Азаматтық авиация комитеті 2019 жылы Air Asia әуе компаниясының Қазақстанға рейстерін ашу бойынша жұмыс істелінгенін, бірақ карантин шектеулеріне байланысты оның тоқтатылғанын еске салды.

Қазақстан тарапы елімізде президенттің тапсырмасы бойынша енгізілген "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынды.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Сауд Арабиясы Корольдігінің авиациялық билігімен бірлесіп, елдер арасындағы жолаушылар рейсін аптасына төрттен 14-ке дейін арттыруға келісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: