Елімізде темір жолмен жолаушы тасымалдау көлемі 33% өскен
Сурет: rail-news.kz
Биыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша теміржол көлігі саласындағы компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 739,6 млрд теңгенің орнына 851 млрд теңгеге жетіп, құндық мәнде 15,1% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кірістің басым бөлігі дәстүрлі түрде жүк пен багажды тасымалдаудан алынған: 786,4 млрд теңге. Қалған 64,6 млрд теңге жолаушылар тасымалына тиесілі.
Биыл қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 32,6% артық. Өңірлік тұрғыда жолаушылардың басым бөлігі елордада, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында. Ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған, - деп жазды Energyprom.kz зерттеушілері.
2022 жылы жолаушылар айналымы 11,1 млрд пкм-ге жетті. Бұл бір жыл ішінде 38,4% өсті.
Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 273 миллион тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен шамамен бірдей (минус 0,2% ғана).
Ең көп жүктер мен багаж Ақтөбе және Ақмола облыстарында, сонымен қатар елордада. Ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған. Еліміздегі жүк айналымы 5,4% өсіп, 206,2 млрд ткм болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript