Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор Қонаевта жалға берілетін баспана бағасының өсу себебін түсіндірді

Қонаев қаласы, Ресей азаматтары, жалға берілетін пәтер бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 17:16 Сурет: Zakon.kz
Қонаев қаласының прокуроры Айдос Шорманов қалада баспана бағасының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жалға берілетін баспана бағасын көтеру мәселесін талқылап жатқанын айта келе, "наразылығын білдірген кейбір азаматтар жергілікті әкімдік алдында митинг ұйымдастыруға шақырып" жатқанын атап өтті. Прокурордың сөзінше, жалға берілетін тұрғын үй бағасының көтерілу себебін қала тұрғындары Ресей Федерациясынан азаматтардың көптеп келуімен байланыстырып отыр.

Прокурор бұл шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Көші-қон полициясының мәліметінше, жыл басынан бері Қонаевқа Ресей Федерациясынан 300-ге жуық азамат келген, оның 25-і 21 қыркүйектен кейін келді. Осылайша, үй бағасы Ресейден келген азаматтарға байланысты өскен жоқ.Қонаев қаласының прокуроры Айдос Шорманов

Прокурор тұрғын үй бағасының өзгеруі табиғи фактор екенін атап өтті. Қала облыс орталығына айналды, жұмыс бабымен көшіп келушілер саны артты, баспана жетіспеді.

Прокурор бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті. Рұқсат етілмеген әрекетті ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Егер дәл сол әрекеттер азаматтардың құқығы мен мемлекет мүддесіне елеулi зиян келтiрiп жасалса, ҚК-нің 400-бабы бойынша 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғады.

Айдос Шорманов арандатушылыққа бой алдырмауға, заңға бағынуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: