Алаяқ алматылықтарды 50 млн теңгеге алдап кеткен

Ақшаға адамдарды алдаған азамат ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 17:53 Сурет: Zakon.kz
Алмалы аудандық Полиция басқармасында 26 жастағы А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол шаһар тұрғындарын алдады деген күдікке ілінді. Дәлірек айтсақ, А. есімді азамат салған ақшасын пайызбен қайтаруға уәде беріп, түрлі бизнес жобаларға инвесторларды тартқан. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын 50 миллион теңгені құрады.

Жедел шаралар жүргізілді. Күдікті ұсталды. Істі қарау барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды. Ол 2019 жылдан бері бизнеске ақша саламын деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталуда, себебі кейбірі әлі полицияға арыз жазбаған, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Polisia.kz.

Осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ-ға немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78; 8-778-481-19-00.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: