Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында адамдар 103 жасқа келген әжейді іздеп келіп, батасын алады

Бата сұрау, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 13:55 Сурет: Zakon.kz
Алға ауданының Есет батыр ауылында тұратын 103 жастағы Дариха Мамилинаны іздеп келіп, батасын алатындар көп. Кейуананың өткен өмір жолы мен ұзақ жасауының сыры да көпке қызық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дариха әжей 1919 жылы қаңтарда қазіргі Ырғыз ауданда дүниеге келген. Өткен ғасырдағы ашаршылық пен екінші дүниежүзілік соғыстың куәгері. Соғыс басталған шақта 21 жаста болатын. Жазда егін, мал шаруашылығында, ал қыста темір жолды қардан тазарту жұмысын атқарды. Кейін тұрмысқа шығып, жолдасымен бірге 7 бала сүйіп тәрбиелеп өсірді. Қазір тұңғышы 70 жасқа таяп қалса, кенжесі 50-ден асқан жігіт ағасы. Ғұмыр бойы ауылда тұрған әжейдің ұршық иіріп, тоқыма тоқу, арқан есу сүйікті ісі болыпты. Сондай-ақ көп оқыған көрінеді. Мерзімді басылымдардан өзге кітап оқуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды "Хабар-24 ".

Жалпы облыста бүгін күні 100-ден асқан 10 қарт тұрады. Шалқар ауданының Бозой ауылында тұратын Зиба Келімбетова әжей биыл 108 жасқа толды.            ,

Әкем мал бақты, сиыр бақты. Шешеміз сол 20 сиыр сауатын еді. Сеператқа тартады, ол кезде холодильник жоқ қо. Жерден қазып, солай сақтап барлық балаларды өсірген, жеткізген осы кісі ғой. Ауылдық жерде өстік. Көп жасаудың реті содан да шығар деймін. 103 жастағы әжейдің баласы Сейдалы Сүтемгенов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: