"Даркнет" желісінде Ресейден "эвакуациялау" қызметі пайда болды
Алаяқтар darknet пен Telegram арналарында белсендірек болып, тұтынушыларға Ресейден шұғыл кетудің жолдарын ұсынып отыр, деп хабарлады "Известия" ақпараттық қауіпсіздік компанияларының біріндегі дереккөзге сілтеме жасап.
Соңғы екі аптада Ресейде ішінара мобилизация аясында шетелдік төлқұжаттар, Шенген визалары сияқты қажетті жалған құжаттарды сатып алуды ұсынатын қызметтердің тұтас "қара" нарығы қалыптасты.
Журналист осындай Telegram арналардың бірі арқылы Шенген визасына тапсырыс бермек болған. Ондағы қызмет 800 долларға бағаланған, ал құжатты әзірлеу уақыты 3-5 күн болады деп көрсетілген.
Дегенмен, мұндай сомаға сатып алынған құжат жалған болады, арнайы деректер базасына - Шенген елдерінің визалық ақпараттық жүйесіне (VIS) кірмейді.
Шын мәнінде, мұндай виза бір ғана функцияны орындай алады - Ресейден кету кезінде паспорттық бақылаудан өтуде. Өйткені ол бойынша Шенген келісімінің кез келген еліне кіру мүмкін емес.