Қазақстанда күн жылиды

күз, сары жапырақ, табиғат, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 11:48 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде күн жылып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Жаңа жұмыс аптасының басында Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күндізгі температураның жоғарылауына әсер ететін еуропалық антициклонның ықпалында болады, - делінген хабарламада.

Болжам бойынша еліміздің батысы Қара теңіз аймақтарынан келетін тағы бір циклон әсерінде болады. Содан ауа райы бұлтты, жаңбырлы болуы мүмкін.

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында термометрлер күндіз 15-20 градусқа дейін, шығыста 13-18 градусқа дейін және оңтүстігінде 20-25 градусқа дейін ыстық болады. Ал елдің батысында ауа температурасының біртіндеп 10-18 градус төмендеуі болжанды."Қазгидромет" РМК
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: