Жұма күні елімізде күн райы қандай болады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 15:54 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, Қазақстан Республикасының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр соңы қарға ұласады.

"Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын жаумайды". "Қазгидромет" РМК

Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғып, тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +8+10°С.

Алматыда күндіз бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +14+16°С.

Шымкентте түнде және таңертең күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +9+11°С.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: