Жаңалықтар тізбегі
0

Қар, көктайғақ: қыстың бірінші күні Қазақстанда күн райы қандай болады

Қазақстан, ауа райы болжамы ,қар, боран, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 17:41 Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 1 желтоқсанына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс, солтүстік және шығыс облыстарындағы күн райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ пен қарлы боран болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +5+7°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +10+12°C.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: