Министр соңғы кездері арандатушылық бағыттағы ақпараттар көбейіп тұрғанын ескертті
Сурет: pexels
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі соңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп тұрғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі. Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі
Сондай-ақ министр әсіресе, журналист қауымға әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуге кеңес береді.
Айта кетсек, "Жесть дня" Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соғудың видеосы жарияланды. Видео сипаттамасында зардап шегуші – Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар – Қазақстан азаматтары-мыс деп көрсетіледі. Жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болған деп те айтылады. Бұл жағдайға қатысты ҚР ІІМ түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне еш дәлел жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript