Жетісу облысында республикалық маңызы бар тас жолдың бір бөлігі жабылады

Жетісу облысы, тас жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 10:44 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жетісу облысында 14 қазан күні сағат 9:00-ден бастап жөндеу жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар Сарыөзек – Көктал тас жолының бір бөлігі жабылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жарылыс жұмыстарына байланысты 45-68 шақырым аралығындағы жол барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан бұл бағытта жол жүруден бас тартып, жол жүру бағытын алдын ала реттеуді сұрады.

Бұған дейін де республикалық маңызы бар Сарыөзек – Көктал тас жолының бір бөлігі жарылыс жұмыстарына байланысты жабылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: