Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімшілік орталығында суық су уақытша өшіріледі

Алматы, Алматы су, Наурызбай ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 16:15 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы суық судан уақытша ажыратылады. Бұл туралы "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қазанда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Шұғыла шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа ғимараттар суық сумен жабдықтаудан ажыратылады. Алатау даңғылымен Абай даңғылынан Сабденов көшесіне дейін, оның ішінде тұрғын үйлер №340, 341/1, 341/2, 341/3, 341/4, 341/5, 342, сондай-ақ, аудан әкімдігінің, прокуратураның, ХҚКО, ІІБ, №36 қалалық емхананың, №184 балабақшаның, № 200 мектеп-гимназияның ғимараттары кіреді.

"Алматы Су" ММК бұл шектеулер сумен жабдықтау объектілері мен желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: